Солтүстік Қазақстанда салынып жатқан жолдар да олардың құрылысына пайдаланылатын материалдарда сапасыз болып шықты. Олқылықтарды «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандары анықтаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Орталық мамандары биыл 146 инспекциялық тексеріс жүргізген. Нәтижесінде СҚО жолдарында 123 ақау мен техникалық талаптарды бұзу деректері анықталған. Олардың 18 -і жойылып, 105-і бойынша түзету жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, 645 жол-құрылыс материалының сынамасы алынып, зертханалық талдаудан өткізілді. Зерттелген үлгілердің 37%-ы нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.
«Негізгі сәйкессіздіктер келесі техникалық көрсеткіштер бойынша тіркелді:
- су сіңіргіштік,
- тығыздық коэффициенті,
- дән мөлшерінің құрамы,
- қысу кезіндегі беріктік шегі.
Филиал осы кемшіліктерді жою мақсатында мердігерлермен және тапсырыс беруші ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Беттен бір ұрып, ақша талап еткен: СҚУ студенті сотталды