14 маусымда Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ипподромында үлкен ат жарысы болады. Дүбірлі дода елдің ең жақсы шабандоздарының басын қосады. Олар 22 700 000 теңгелік жүлде қоры мен маусымның чемпиондары анықталатын финалға жолдама алу үшін күреседі, деп жазады Qazaqstan Media.
Жарыс бағдарламасы бойынша шабандоздар құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, жорға жарыс бойынша бақ сынайды.
Сонымен қатар, қонақтарды қызықты жарыс бағдарламасы, мәдени шоу, ұтыс ойындары күтіп тұр.
Бәйгені ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен бәйге Федерациясы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Ат жарыс 14-ші маусымда сағат 12:00-де басталады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда командирлермен сарбаздарға бейнежетондар тағылады