18-21 мамыр аралығында Астанада мәдениет және өнер саласы ұйымдарының шығармашылық жетістіктерін анықтайтын «Рухани қазына — 2025» республикалық фестивалі өтті. Биыл қатысушылар он номинация бойынша бақ сынады. Нәтижесінде ең жақсы кітапхана, мұражай мен мәдениет үйі таңдалды, деп жазады Qazaqstan Media.

«Үздік ауылдық кітапхана» номинациясында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылының кітапханасы жеңіске жетті. Республикалық деңгейде өткен іс-шараға кітапхана директоры Күләш Егінбаева мен кітапханашы Жанаргүл Мүшелбай қатысты.

Ауылдық кітапханада балаларға, жастарға және ересектерге арналған түрлі іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Кітапхана тұрғындарға күнделікті өмірде көмектеседі. Ұлттық құндылықтарды насихаттап оқуға деген қызығушылықты арттырады. 2023 жылдың наурыз айында мәдениет ұйымы модельдік мәртебеге ие болды. Қазір оның қызметтерін 750-ден астам адам пайдаланады.

Уәлиханов ауданының кітапханасы Астанада өткен «Рухани қазына» байқауында үздік атанды
Уәлиханов ауданының кітапханасы Астанада өткен «Рухани қазына» байқауында үздік атанды

«Кітапхана қызметкерлері өлкетану жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Елді мекеннің шежіресі жүргізілуде. «Қайрат ауылының әдеби мұрасы» жобасы іске асырылуда. 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды, оған ауылдың барлық тұрғындары қатысты. Бұл шамамен 1200 адам. Кітапхана ауыл әкімдігімен, мектеппен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді», — деді Уәлиханов ауданы әкімдігінің өкілдері.

Байқауда кітапханашы Жанаргүл Мүшелбай кітапхана жұмысында заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің қолданылуы туралы айтып берді. Бұл бағыт белсенді дамып келеді және кітапхана чатботтарды, QR кодтар мен ЖИ иллюстрацияларын енгізді.

Уәлиханов ауданының кітапханасы Астанада өткен «Рухани қазына» байқауында үздік атанды
Уәлиханов ауданының кітапханасы Астанада өткен «Рухани қазына» байқауында үздік атанды

«Менің басты масқатым — әрбір оқырман өзіне қызығушылық танытатын ақпаратты тауып, өзіне қажетті білімді алса деймін. Оқырмандар контингенті әртүрлі. Бұл мұғалімдер, тәрбиешілер, жұмысшылар, мектеп оқушылары, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер және басқалар. Соңғы жылдары бюджет, мемлекеттік тапсырыс және демеушілік көмек есебінен жаңа әдебиеттер түсімі артты. Мысалы, Қазақстан Президентінің бастамасымен «Ауылдық кітапханаларға арналған 100 кітап» акциясы бойынша жаңа оқулықтар жеткізілді», — деді Жанаргүл Мүшелбай.

Кітапхана интернет-платформаларды да белсенді дамытуда. Барлық әлеуметтік желілерде тіркелген, өз сайттары да бар. Мұнда олар танымдық материалдар жариялайды, әдебиет өкілдерінің мерейтойлары, жаңа кітаптар мен мәдени оқиғалар туралы ақпараттандырады.

«Ел көлемінде үздік атану, біз үшін үлкен мәртебе.  Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу қиын. Біздің жұмысымыз, кітапқа және оқырманға деген сүйіспеншілігіміз байқалып, бағаланғанын сездік. Бұл жай ғана марапат емес, бұл біздің еңбегіміздің маңыздылығын мойындау. Әрі қарай дамуға, жаңа идеяларды енгізуге және ауылымыздың, ауданымыздың және облысымыздың мәдени дамуына қызмет етуге шабыт береді», — деді кітапхана директоры Күләш Егінбаева.

Кітапхананың республикалық байқаудағы жеңісі бүкіл Уәлиханов ауданы үшін маңызды оқиға болды. Бұл нәтижені тек кітапхана қызметкерлері ғана емес, жергілікті тұрғындар да мақтан тұтады. Өйткені, олардың мәдени орталығы елдегі ең жақсы деп танылды.

Уәлиханов ауданының кітапханасы Астанада өткен «Рухани қазына» байқауында үздік атанды
Уәлиханов ауданының кітапханасы Астанада өткен «Рухани қазына» байқауында үздік атанды

Тағы оқыңыз: Петропавлда өткен жәрмеңкеде 1000-нан астам жұмыс орны ұсынылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *