Петропавлдағы атышулы Nostalgie дәмханасында төбелес болып, 49 жастағы ер адам пышақ жарақатын алған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға бүгін түнде болған. Дәмханаға көңіл көтеруге келгендер арасында төбелес болып, 49 жастағы ер адам пышақ жарақатын алған.
«Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 49 жастағы ер адамға пышақ сұғып алған күдікті ұсталды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бір қызығы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген зардап шегуші медициналық тексерістен бас тартқан. Оның қазір қандай жағдайда екендігі белгісіз.
Ал Nostalgie дәмханасы бұрыннан полицейлердің «қара тізіміне» енген. Өйткені, көңіл көтеру орнына шақыртулар жиі түсіп тұрады.
Тағы оқыңыз: 30 маусымнан бастап Ресейге кіретін шетелдіктерге жаңа талап енгізіледі