Суға шомылу маусымы жақындады. Сондықтан СҚО ТЖД мамандары мектептерді аралап, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруді қолға алған. Сондай жиындардың бірі Петропавл қаласындағы Жұмабек Тәшенов атындағы №20 мектепте өтті. Шараға оқушылар мен олардың ата-аналары да қатысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Іс-шара барысында мамандар суға түсу ережелері, судағы қауіпсіздік техникасы және төтенше жағдайда не істеу керектігі туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, балаларға суда өздерін қалай ұстау керек екені интерактивті түрде көрсетілді. Мектеп ұжымы мен ата-аналар жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса мән беру қажеттігін атап өтті. 

«Күннің жылынуына байланысты қазірдің өзінде адамдар суға шомыла бастады. Дегенмен, маусым ресми түрде әлі ашылған жоқ. Сондықтан алдын ала ескертеміз–қазір суға түсуге тыйым салынад. Күннің көзі жарқырап тұрғанымен, су әлі салқын. Ал ол денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан барынша сақ болған жөн», — деді ТЖД жедел кұтқару жасағы құтқару бөлімшесінің басшысы Еділ Зікрин.

Петропавлдық оқушылар мен ата-аналарға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Петропавлдық оқушылар мен ата-аналарға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Мамандардың айтуынша, суға тек арнайы жабдықталған, рұқсат етілген орындарда түсу қажет. Петропавл қаласында бұл талапқа сай келетін жалғыз орын — Пестрое көлі. Онда құтқарушылар мен медициналық қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейді.

 

Тағы көріңіз: Есіл ауданында жол инфрақұрылымы жаңартылуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *