Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп жазады Qazaqstan Media.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. Ол ел аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

«ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ монеталарында Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлық рухына деген терең құрметтің белгісі бар. Бұл монеталар Ұлы Жеңіс туралы тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылып отыр. Монеталар атаулы датаға арналған мәдени әрі тарихи мұраны сақтау жолындағы ұмтылысты паш етеді»,-деп жазылған ҚР ҰБ сайтында.

Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. «80» санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндесетін стильде орындалған.

Қазақстанда «ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары  шығарады
Қазақстанда «ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары  шығарады

Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалды. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған. Дайындау сапасы – «proof», номиналы – 1 000 теңгеліктер  екі мың данамен шығарылған.  Номиналы – 200 теңгеліктер он миллион таралыммен шығарылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да соғыс ардагері Валентина Волкодав өмірден озды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *