Солтүстік Қазақстан облысында «Жезқазған – Петропавл» автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда ісінгіш жерлерді жою және суық ресайклинг әдісімен жол негізін салу жұмыстары басталды, деп жазады Qazaqstan Media.

«ҚазАвтожол ҰК» АҚ-ның мәліметінше облыста  Есіл ауданының Покровка ауылынан Чириковка ауылына дейінгі аралықта республикалық  маңызы бар жол жөнделіп жатыр. Аталмыш   автожолдың 876–896 шақырымындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Учаскенің жалпы ұзындығы 19,5 шақырымды құрайды.

Мердігер қажетті иенретті материалдарды қыс мезгілінде дайындаған. Жоба аясында суық ресайклинг әдісімен жол төсемінің негізін орнатып, екі қабатты жабын төсеу қарастырылған. Сонымен қатар, 12 суөткізгіш құбырды жөндеу, төрт автопавильон орнату және жол белгілерін орналастыру жоспарланған.

Сонымен қатар, республикалық  маңызы бар автожолдың  Шал ақын ауданына қарасты Ұзынжар ауылынан Сергеевка қаласына дейінгі учаске де жөнделуде. Аталмыш учаскенің жалпы ұзындығы 39 шақырымды құрайды.

«Қазіргі уақытта ісінгіш аумақтарды жою, суық ресайклинг әдісімен жол төсемінің негізін салу және асфальтбетон жамылғысының төменгі қабатын төсеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, тоғыз суөткізгіш құбырын жөндеу, төрт автопавильон салу, жол бойындағы қауіпсіздік қоршаулары мен жол белгілерін қоса алғанда, жол инфрақұрылымының элементтерін орнату жұмыстары жоспарланған»,- деп жазылған «ҚазАвтожол» АҚ хабарламасында.

Тағы оқыңыз: «Мағжан оқулары» облыстық байқауына 45 оқушы қатысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *