Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп, Петропавлдағы Заречный кентіне апаратын жолды су басты. Қазір мұнда полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып, көліктерді өткізбей жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстанға тасқынның үшінші толқыны қауіп төндіріп отыр. Есіл өзені мен оның сағаларында су деңгейі күн сайын артып келеді. Мамандар бір-екі күнде су облыс орталығына да жетеді деп отыр. Соған қарамастан бір тәулік ішінде Петропавл су торабында 4 см-ге көтерілген.

«Петропавл су торабында қауіпті меже 960 см құрайды. Қазірдің өзінде мұнда су  деңгейі 1059 см-ге жеткен», — делінген «Қазгидромет» РМК СҚОФ ұсынған ақпаратта.

Ал гидробекетте су деңгейі 1100 см-ге жеткенде ол жайылып, Заречный кентін су басады. Қазірдің өзінде су жол үстіне шығып кеткен. Сондықтан қазір жол жабылып, көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылған. Полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып, көліктерді өткізбей жатыр. Ал үйіне жетемін деген тұрғындарды арнайы көлікпен мамандар жеткізіп салады.  

Петропавлдағы Заречный кентіне апаратын жол жабылды
Петропавлдағы Заречный кентіне апаратын жол жабылды

Тағы оқыңыз: Петропавлда су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *