Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып Серікжан Ғабдулин тағайындалды. Оны ұжымға Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев таныстырды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, судьялар, облыстың құқық қорғау органдарының бірінші басшылары және сот әкімшілігі департаментінің өкілдері қатысты.
Жаңа сот төрағасы Серікжан Ғабдулинді таныстырған Асламбек Мерғалиев оның тәжірбиесі мол маман екенін атап өтті. Оның бұл саладағы еңбек өтілі 25 жылды құрайды. Ол 17 жыл бірінші сатыдағы соттарда жұмыс істеген.
55 жастағы Серікжан Ғабдулин Ресей Федерациясының Түмен облысында дүниеге келген.
1996 жылы Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1993-1999 жылдары ішкі істер және прокуратура органдарында қызмет етті;
Жалпы, залға жиналғандар Серікжан Ғабдулинді жақсы біледі. Өйткені, ол өңірде бірнеше жыл еңбек еткен.
1999 — 2013 жылдары – Петропавл қалалық сотының судьясы, төрағасы;
2013–2016 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық сотының төрағасы;
2016–2020 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы;
2020 жылдан осы қызметке тағайындалғанға дейін – Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
Ал осыған дейін облыстық соттың төрағасы болған Ербол Жанғазинді әріптестері былтыр қыркүйек айында зейнетке шығарып салған болатын. Содан бері орын бос тұрды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да үш күнде 16 азамат жүргізуші құқығынан айырылды