Наурызнаманың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 14-ші наурыз-Көрісу күні. Оны мерекелеу аясында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында ақсақалдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады, деп жазады Qazastan Media тілшісі.

Наурыз мерекесін лайықты мерекелеу мақсатында 14-23 наурыз аралығында Наурызнама тұжырымдамасы жарияланған болатын. Оның әр күні  белгілі бір тақырыпқа арналады. Мәселен, 14 наурыз  – «Көрісу күні – Амал мерекесі». Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт.

«Наурыз-жылдың басы. Алты ай қыстан кейін жердің тоңы жібіп, құстар сайрап,бәйшешек шыққанда шығыс халық жылдың басы санаған. Осы күндері қыстан аман шыққан халық бір-бірімен қуана көріскен. Наурыздың басталуы ол жаңарудың, жаңа күннің басталуы. Сондықтан бүгінгі көрусі, амал күні баршамызға құтты болсын. Шығыс халықтарының жыл санауы бойынша 12 мүшелдің басы осы 14-нші наурыздан басталған», — дейді ҚХА ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Жангелді Тәжин.

Бұл күні бір-бірімен көріскен жандар құшақтасып, амандық сұрасқан. Осы салттан жаңылмай, обылстық ассамблеяға жиналған жандар да сәлемдесіп, құшақтасып, бір-бірін амал мерекесімен құттықтады. Бүгінде  облыстық ҚХА 24 этномәдени орталықбар. Олар  өңірде өтетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Құттықтауға арнайы уелген  өңір жетекшісі  ұлттық құндылықтарды насихаттауға, бірлік пен татулықты нығайтуға үлес қосып жүрген жандарға  алғысын білдірді.

СҚО-да Наурыздың алғашқы күні – Амал мерекесі тойланды

«Баршаңызды Наурыз мейрамымымен құттықтаймын. Бүгін Наурызнаманың бірінші күні. Бұл мемлекет басшысының бастамасымен қолға  алынып отыр. Халқымыздың барлық салт-дәстүріне сай әр күнді атап өтетін боламыз.  Баршаңызға тек денсаулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Наурыз мейрамы қасиетті Рамазан айымен де тұспа-тұс келді. Барлықтарыңыздың ниеттеріңіз қабыл болсын. Аман болыңыздар», — деп өзінің тілегін жолдады  облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс әкімі облыстық ҚХА өкілдерінің былтырғы тасқын су кезінде көрсеткен бірліктері мен еңбектері, көмектерін де атап өтті.

СҚО-да Наурыздың алғашқы күні – Амал мерекесі тойланды

Жиналған қауымға «Жарапазан» айтып, облысымыздың әншілері де келді.

СҚО-да Наурыздың алғашқы күні – Амал мерекесі тойланды

Сондай-ақ, ақсақалдарымыз баталарын берді.  Осыдан кейін өңір басшысы ассамблея өкілдері жайған ақ дастарханнан дәм татты.  

СҚО-да Наурыздың алғашқы күні – Амал мерекесі тойланды

Тағы оқыңыз: Президент қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *