«Наурыз жұмыскер» ипотекасы бойынша «Отбасы банк» өтініштерді 17 наурыздан бастап қабылдайды. Жобаға 72 млрд теңге бөлініп, шамамен 2 440 жұмысшы жеңілдетілген несиемен баспана ала алады, деп жазады Qazaqstan Media.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасы туралы толық мәлімет берілді. Оған өндіріс, құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация салаларының жұмысшылары қатыса алады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен, газбен және ауаны баптаумен қамтамасыз етуші мамандар да үй ала алады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және өңдеу, ластануды жою қызметі, құрылыс, көлік және қоймалау саласының мамандары да құжат тапсыруға құқылы.

«Несие мөлшерлемесі – әлеуметтік осал топтар үшін жылдық 7% және барлық басқа санаттар үшін жылдық 9%. Бастапқы жарна — таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үй сатып алу кезінде 10%. Әрленбеген бастапқы тұрғын үй немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй сатып алу кезінде 20%-дан бастап. Заемның ең жоғары сомасы – өңірлер үшін 30 млн теңге. Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңге. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Қайталама тұрғын үйді тек моноқалаларда және ауылдық елді мекендерде сатып алуға болады», — деді «Отбасы банк» АҚ СҚОФ директоры Нұржан Әлібеков.

Бағдарлама бойынша өтінім беру үшін жұмыс орнынан анықтама әкелу қажет. Анықтамада ЭҚЖЖ және үміткердің кәсібі көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, жеке куәлігі, отбасылы болса, балалардың туу туралы куәліктері, неке қию (бұзу) туралы құжат қажет. Жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама керек. Қажет болған жағдайда банк ішкі талаптарға сәйкес басқа да құжаттарды сұратуы мүмкін.

«Сонымен қатар, жұмысшыда банкте депозиті болуы шарт. Депозит мерзімі маңызды емес, оны өтініш берер алдында ашуға болады. Отбасы банкіндегі жинақ шотында кемінде 2 млн теңге болуы керек. Соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында бір реттік төлеммен салуға болады. Соңғы бес жыл ішінде өтініш берушінің өзі мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауы шарт», — деп түсіндірді спикер.

Соңғы алты айда ресми табысы болуы керек. Бұл ретте анықтама берілген жұмыс орнынан аударылған, кемінде соңғы үш айдағы міндетті зейнетақы жарналары болуы тиіс. «Наурыз жұмыскер» бағытының басты айырмашылығы — ол конкурссыз және балл есептемей жүзеге асырылады. Қолжетімді заемдарды банк филиалына жүгінгендер және төлем қабілеттілігін растағандар алады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 10 жастағы бала кәріз құдығына түсіп кеткен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *