Солтүстік Қазақстан тәуелсіз заң кеңесшілері палатасы бір жыл ішінде 200-ге жуық өңір тұрғынына тегін көмек көрсеткен. Негізінен солтүстікқазақстандықтар алимент төлемеу, тұрғын үй және жер мәселесіне қатысты проблемаларды көтереді екен. Палатаның жұмысы жайлы «Заң және тәртіп: Тұрақты болашаққа жол» атты дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараға мемлекеттік және ішкі істер органдарының қызметкерлері, заңгерлер мен сарапшылар және жастар қатысты. Өйткені, дөңгелек үстел басында көтерілген мәселелер барлығы үшін маңызды болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс деген болатын. Өйткені, заң алдында барлығы тең. Жиынға қатысушылар бұл қағиданың маңыздылығы өте зор деп отыр.

Петропавлда «Заң және тәртіп: Тұрақты болашаққа жол» атты шара өтті

Сондай-ақ шара барысында Солтүстік Қазақстан тәуелсіз заң кеңесшілері палатасы өз жұмыстары жайлы айтып берді. Олар бір жыл ішінде 200-ге жуық өңір тұрғынына тегін заңгерлік кеңес берген.

«Біз ең алдымен мүгедектігі бар жандарға, зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына көмек көрсетеміз. Адвокаттар коллегиясы, әділет департаментінің өкілдері мен біздің палата мамандары аудандарға да шығып, шалғайдағы ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізеді. Өйткені, ол жерлерде заңгерлер тапшы. Сондықтан сауалдар көптеп түсіп жатады. Негізінен, тұрғындар жер, тұрғын үй және алимент өндіріп алу сынды проблемаларды көтереді. Шамамыз келгенше заңгерлік көмек көрсетуге тырысамыз. Сондай-ақ мен палата төрағасы ретінде мәжілістегі көптеген комиссияларға мүшелік етемін. Яғни, заң жобалары қабылданар алдында біз оларды талқылап, өзгерістер енгіземіз», — дейді Солтүстік Қазақстан тәуелсіз заң кеңесшілері палатасының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцель.

Петропавлда «Заң және тәртіп: Тұрақты болашаққа жол» атты шара өтті

Өңірде мектеп оқушыларына да тегін психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі. Ол үшін білім беру ұйымдарында арнайы жол картасы әзірленіп, бірқатар жобалар қолға алынған.

«Облыста психологиялық қолдау орталығы ашылған. Мамандар түрлі жағдайлар туындаған кезде оқушыларға жылдам көмек көретеді. Осы уақытқа дейін олар 2 мыңнан астам адамға қолдау көрсеткен. Өңір мектептерінде «Стоп буллинг» жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында оқушылар QR-код арқылы тікелей психологтар мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне өз проблемасын айта алады. Бүгіндері 500-ден астам өтініш келіп түскен. Олардың бірде-бірі назарсыз қалмады. Білім беру ұйымдары ата-аналармен де тығыз жұмыс жасайды», — деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Динара Анафина.

Петропавлда «Заң және тәртіп: Тұрақты болашаққа жол» атты шара өтті

Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін былтыр өңір мектептеріне 1 млрд 300 млн теңге қаржы бөлінген. Облыстағы білім беру ұйымдарының 85 пайызы СҚО ПД жедел басқару орталығына қосылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да азық-түлік бағасын өсіргендер айыппұл төледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *