Елімізде алдағы күндері ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп отыр. Осы аралықта Ақмола облысында, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батысында аздаған қар жауып, боран соғады. Оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде. Ал кей жерлерде ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендейді.

«Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде. Түнде батыста 10…15 градусқа дейін, солтүстік-батыста 17…25 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 17…28 градусқа дейін, шығыста 18…35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» РМК ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір айда жеті бала көкжөтел жұқтырған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *