Желтоқсанның сегізі қалалық және аудандық маслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Қазіргі кезде үміткерлер насихат жұмыстарын бастап кетті. Солардың бірі — Әлфараби Мыңбай, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қалалық маслихат депутаты сайлауына үш кандидат қатысып жатыр. Солардың бірі — Әлфараби Мыңбай. Ол Петропавл қаласы бойынша қалалық мәслихатқа «Ауыл» партиясы атынан үміткер.
Әлфараби Мыңбай оңтүстік өңірдің тумасы. 2014 жылы білім қуып «Серпін-2050» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына келеді. Алғашқы алған мамандығы электр жабдықтау саласына қатысты. Ол Петропавл қаласындағы Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжіне оқу түсіп, оны 2017 жылы аяқтады. Кейін алған білімін шыңдау үшін М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да «Электроэнергетика» мамандығы бойынша оқып шықты.
Сонымен қатар, Әлфараби Мыңбайдың педагогикалық білімі бар. Ол Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенов атындағы университетін «Гуманитарлық пәндер мұғалімін даярлау» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Оқу мен еңбекті қатар алып жүрген жас. Алғашында жастар тәжірибесі бағдарламасы аясында Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығына жұмысқа орналасады. Кейін аталмыш орталыққа тұрақты жұмысқа кіріп, рталық жетекшісіне дейін көтеріледі. Сонымен қатар, 2019-2021жылдары — «EKO TIME» ҮЕҰ төрағасы қызметінде де болды. Сондай-ақ, облыстық қоғамдық даму орталығында да еңбек етті. Ал, 2023 жылдан бастап «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының үйлестірушісі және «Ауыл» жастар қанатының төрағасы болып жұмыс істеп келеді.
Дайындалған: «QazaqstanMedia» ЖШС, баспа орны: Петропавл қ., Брусиловский к-сі 63/13. Тапсырыс беруші: депутаттыққа кандидат Ә.Х.Мыңбай. Республикалық бюджет қаражатынан төленді.
Тағы оқыңыз: Қазақстан паспорты Орталық Азия елдеріндегі ең мықты төлқұжат деп танылды