«Қайда барғаныңызды түсінбей отырған шығарсыз»: СҚО әкімі аудан әкімінің жұмысын сынға алды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына арналған жиында аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды. Әсіресе, өндіріс саласын құлдыратып, жағдайларын жыл бойы реттей алмай отырған Есіл, Жамбыл және Айыртау аудандарының әкімдеріне оңай болмады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өндіріс саласы бойынша Ғ. Мүсірепов және  Қызылжар аудандары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Ал Есіл, Жамбыл және Айыртау аудандарында жағдай керісінше, нашар. Олар өңірімізді артқа тартып тұр. Осыған дейін болған отырыстарда Есіл ауданының басшысы Мереке Мұхамедияров жылдың соңында барлық бағытта жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп сендірген. Алайда, статистика басқаша болып тұр.

«Өндіріс көлемін арттыру үшін «Қызылжар жолдары КЗ» ЖШС асфальт-бетон зауытының өнідіріс көлемін 152 500 тоннаға дейін арттыруды қолға алдық. Бір жыл ішінде 2,5 млдр теңгенің өнімін шығарады. Бірақ, жылдық қорытынды кезінде ол көрсеткішке әсер етуі қаупі бар. Себебі, асфальт-бетон зауытының өнімі алтын өндірісмен сәйкес келмейді. Сонымен қатар біз пайдалы қазбаларды өндіру бойынша мәселені қарастырып жатырмыз. Ол тау-кен өндірісін арттырады», — деп жауап берді Есіл ауданының әкімі.

Бұл орайда облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, мұндай жаттанды жауаптарды жыл бойы тыңдап келе жатқанын айтты. 

«Жөнді жұмыс істемеген әкімдер жыл соңында жауапқа тартыласыздар. Бүгінгі берген мәліметтер сіздердің аудандық бюджеттеріңіз, сіздердің салықтарыңыз. Сіздер жыл бойы құр уәде беріп келесіздер. Сондықтан жыл соңында әр көрсеткіш бойынша сұрайтын боламын», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Жуырда ғана Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалған Мейрам Меңдібаевта сынға ұшырады. Ауданда ет өндірісі азайған. Ол бұрын ет өндірісімен айналысқан кәсіпорынның Ақмола облысының Краснояр ауданына ауысып кетуімен байланысты екен. Қазір оны қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді.

«Дауысыңызда сенімділік жоқ. Сіз өзіңіздің қайда барғаныңызды түсінбеген шығарсыз? 20 центнерден астық алып, бастырып алдыңыз. Қамбалар толық, жабылды. Енді жылды қорытындылау керек. Сондықтан командаңызбен экономикалық көрсеткіштерді ретке келтіретін кез келді. Басқармаға жетекшілік ету бір бөлек, ауданды басқару басқа», -деді дауыс көтере облыс әкімі.

Сонымен қатар, өңір жетекшісі өзінің орынбасарларына жас әкімге көмектесу керектігін ескертті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда зауыт жұмысшылары донор атанды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x