СҚО-да жарты тоннаға жуық есірткі отқа тасталды

СҚО-да есірткінің соңғы 10 жылда тіркелген ең ірі мөлшері отқа жағылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биылдыққа облыс аумағында тәркіленген есірткі заттары 6 рет отқа тасталды. Соңғысында жуырда қос тұрғыннан табылған 460 келіден астам марихуана мен гашиш өртелді. Бұл шараға облыстық әкімдіктің Жастар ресурстық орталығының еріктілері шақырылды. Зиянды заттар отқа тасталғаннан кейін екі данадан тұратын акт жасалды.

«Еріктілер — полиция қызметкерлерінің сенімді көмекшілері. Биыл олар нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша 30 түрлі іс-шараға қатысты. Жыл басынан бері СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 500 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі, — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Тағы оқыңыз: Петропавлдықтар зираттардың аумағын қоқыстан тазартты

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x