қаруын тәркіледі

Солтүстікқазақстандық полицейлер 1 апта ішінде тұрғындардан 18 атыс қаруын тәркіледі. Мылтықтар «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

56 жастағы петропавлдықтың үйінен тіркелмеген ТОЗ-16 мылтығы мен 29 патрон, гильзалар, патронташ пен қақшықты табылды. Азамат бұл заттардың әкесінен қалғанын айтқан. Дәл осындай сылтау ИЖ-17 мылтығы тәркіленген Тимирязев ауданының тұрғынының аузынан шықты. Ақжар ауданда тұратын ер адам өткен күзде Кіші-Қараой көлінің жанындағы қамыстан қару тапқан. Бұл да тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады. Ал ИЖ-17 мылтығын Мамлют ауданының азаматы гаражда сақтаған, ол да орманнан тауып алған көрінеді.

«Бұл фактілердің барлығы облыста 5 сәуірден бастап өткен «Қару» жедел алдын алу іс-шарасының бір күнінде анықталды. Барлығы 7 күн ішінде өңір тұрғындарынан 18 бірлік тіркелмеген атыс қаруы, оның ішінде екі шолақ мылтық мен тапанша тәркіленді. Барлық фактілер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешімдер қабылданатын болады», – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Осы ретте полицейлер тұрғындарға қару тауып алған жағдайда бірден хабар беріп, тапсыруға шақырады.

Тағы оқыңыз: Былтыр СҚО-да скутерлердің қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы орын алды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x