Қозыбаев университетінде өткен оқу жылының қорытындысы шығарылды. Білім ордасында бір жыл ішінде студенттер саны бір жарым мыңнан астам адамға артқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Биыл университетке 3 187 талапкер оқуға қабылданды. Бұл – 2004 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Түлектердің 91 пайызы жұмыспен қамтылған. Былтыр бұл көрсеткіш 84 пайыз болған еді.

«Университеттің ғылыми әлеуеті де артты. Өткен кезеңде зерттеулерге бір миллиард 310 миллион теңге бағытталды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,5 есе көп. Қазір оқу орнында әлемнің 22 елінен келген 483 шетелдік студент білім алады. Ал 475 студент Аризона университетімен бірлескен қос дипломды бағдарлама бойынша оқып жатыр», — деді университет ректоры Ербол Исақаев.

Жиында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңа оқу-зертханалық корпустың маңынан аллея ашылды. «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының қолдауымен аумаққа 120 ағаш пен бұта отырғызылды.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының табиғи өнімдері Петропавл жәрмеңкесінде жоғары сұранысқа ие болды

Поделиться:

Shares