Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының екі азаматы мемлекеттік наградаларға ие болды. Олар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және адал еңбегі үшін марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Ел дамуына еңбегі сіңген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдері «Парасат» ордені берілді. Олардың қатарында жергілікті «Радуга» ЖШС бас директоры Д. Шарапаев марапатталды. Ал «Құрмет» орденін алғандардың арасында  Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС бас агрономы Т. Хамидуллин бар. 

Мемлекеттік награда иегерлерінің қатарында еліміздің басқа өңірлерінен де еңбек ардагерлері, өндіріс, білім, ғылым, медицина, мәдениет және спорт салаларының өкілдері бар.

Жалпы республика бойынша 129 еңбек ардагері, түрлі салаларда еңбек ететін 473 жұмысшы, шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі, 150-ден аса педагог пен ғалым және 120-ға жуық медицина қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда мас күйде көлік жүргізді деп қамалған азаматтың кінәсі дәлелденбеді

Поделиться:

Shares