С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры гастролдік сапармен онтүстік өңірлерді аралап жүр. Олар 11 күннің ішінде Қазақстанның төрт қаласында болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Гастролдік сапар тоғызыншы қазанда басталды. 20-шы қазанға дейін жалғасады. Теріскейлік өнерпаздар алдымен Қызылорда қаласында өнер көрсетті. Ондағы Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Мөлдір махаббат» драмасы «Жалқаудың жыры» ертегісі мен «Қарапайым адам» комедиясы қойылды.
Сәбең театрының ұжымы 12-13 қазан күндері Түркістан қаласындағы Түркістан музыкалық драма театрында өнер көрсетті. Аталған қарашаңырақта да жоғарыда аталған қойылымдар қойылды. Ал 16-17 қазан Шымкентте өткен шараларда «Жалқаудың жыры» ертегісі мен «Қарапайым адам» комедиясымен қатар, «Шолпанның күнәсі» драмасы ойналды.
Теріскейлік сахна саңлақтары бүгін Тараз қаласындағы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрында өнер көрсетеді. Мұнда 19-20 қазан күндерң «Қарапайым адам» комедиясымен қатар, «Шолпанның күнәсі» драмасы сахналанады. Айта кету керек, гастролдік сапарға театрымыздан 40-қа жуық қызметкер барды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанның бидайы мен еті Камбоджада сатылатын болады

