Қазақстанда технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты бірқатар мамандықтар жойылып, көптеген кәсіп түрі трансформацияға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Министрдің айтуынша, ең алдымен мәтін өңдеушілер мен терушілер, деректерді енгізумен айналысатын қызметкерлер және корректорлар сияқты мамандықтарға сұраныс төмендеуі ықтимал.

«Кейбір мамандықтар жойылады. Олар — мәтін өңдеушілер мен терушілер, деректерді енгізу жөніндегі қызметкерлер, корректорлар. Кәсіптердің басым бөлігі трансформацияланады», — деді Асқарбек Ертаев.

Сонымен бірге еңбек нарығында жұмысшы кадрларға сұраныс жоғары болып отыр. Электрондық еңбек биржасындағы бос орындардың жартысынан астамы жұмысшы мамандықтарға тиесілі. Министрліктің болжамынша, 2035 жылға дейін экономикаға 2,9 млн маман қажет болады. Оның 1,8 миллионы — жұмысшы мамандықтар.

Ең жоғары сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында қалыптасқан. Осыған байланысты сұранысқа ие мамандықтар тізімі 51-ден 174-ке дейін кеңейтіліп жатыр. Олардың қатарында инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл және ядролық энергетика бағыттары бар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жастар арасында интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған шара өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *