Петропавлда жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін екі аппараттық-бағдарламалық кешен іске қосылды. Бұл туралы СҚО полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бірінші қыркүйектен бастап Ж. Қизатов көшесіндегі Лада саяжайы мен Новопавловка шағын ауданы аумағында камера жұмыс істеп тұр. Ал үшіншң қыркүйектен бастап Жағалау көшесі, 25 мекенжайында тағы бір кешен іске қосылған. Аталған екі учаскеде де көлік қозғалысы жылдамдығы 60 км/сағ-тан аспауы тиіс.
Полицияның мәліметінше, камералар жол бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді. Бұл жолдағы қауіпсіздікті арттырып, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
«Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға шақырады», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да элеваторда жарақат алған екі жұмысшының жағдайы ауыр

