Мамлют ауданында элеваторда жарақат алған екі жұмысшының жағдайы ауыр. Оқиға үшінші қыркүйек күні Дубровное ауылындағы «Агрофирма Мамлютская» серіктестігінде болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

1983 және 1985 жылы туған жандар астық кептіру жабдығында жұмыс істеп жатып, лентаға оралып, жарақат алған. 1983 жылы туған жұмысшының екі аяғында ашық сынықтар анықталды. Оған ота жасалды. Қазір жағдайы тұрақты ауыр.

Екінші 1985 жылғы ер адам да ауыр жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, операция болып, оң жақ қолына ампутация жасалған. Оның да жағдайы тұрақты болғанымен,ауыр.

«Аталған факті бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/oezennen-tasqa-dejin-sqo-nyng-tarihi-atawlary-interaktivti-kartagha-enedi/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *