Петропавлда жастар арасында қоқыс мәдениетін қалыптастыруға арналған шара өтті
Петропавлда «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Trash Art Fest — қоқысты өнерге айналдырамыз» атты шығармашылық шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Қарындаш» көркемсурет мектебі ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шеберлік сабағына жеткіншек балалар ата-аналарымен бірге қатысты. Олар пластик бөтелкелер мен картон қораптардан құстарға, тиіндерге арналған жемсалғыштар жасады. Әдетте бұлар қоқысқа тасталады. Ал осындай акцияның арқасында қалдықтар кәдеге жарап, саябақты мекендейтін қанаттылардың, жануарлардың «үйіне» айналады.
Петропавлда жастар арасында қоқыс мәдениетін қалыптастыруға арналған шара өтті
«Басты мақсатымыз — балалардың бойында айналаға және табиғатымызға деген жанашырлық сезімді оята алу. Қатысушылар тұрмыстық қалдықтарға «екінші өмір» сыйлайды. Әр адамның қиялы әртүрлі. Олардан сан түрлі туынды күтеміз. Шеберлік сабағы балаларды біріктіріп, жылы орта қалыптастырды», — деді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Айсұлу Бекімова.