СҚО-да қайтарылған активтер есебінен бес әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Прокуратура органдары бұл маңызды жұмысты жүйелі түрде бақылап келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ, Тайынша ауданындағы көпбейінді ауданаралық ауруханасының бірінші қабатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны жүзеге асыру тұрғындардың сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік береді. Қайтарылған активтер есебінен «Қызылжар» АЭА инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Одан басқа, Пресновка және Соколовка топтық су құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл облыстың 20 мыңнан астам тұрғынын сапалы тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отыр. Осы күнге дейін қайтарылған активтер есебінен облыста 30-дан астам жоба жүзеге асты», деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ғылым және технологиялар кеңесінің отырысы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *