СҚО-да бизнес өкілдері алдағы Конституциясының жаңа жобасы бойынша өтетін республикалық референдумды қолдайтындарын білдіруде. Осындай ұстаным танытқан кәсіпорындардың бірі – «Радуга» ЖШС, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Радуга» ЖШС 1993 жылы Петропавл қаласында құрылған және 30 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан нарығында табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінде бұл – өңірдегі ірі өндірістік кәсіпорындардың бірі. Компания басшылығы алдағы референдумға қатысты өз пікірлерін білдірді.
«Мен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын қолдаймын. Оның ережелері мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, экономиканы дамытуға және қоғам мен бизнес мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған деп есептеймін. Жаңа Конституция еліміздің одан әрі тұрақты дамуына берік негіз болады деп сенемін», – деді «Радуга» ЖШС атқарушы директоры Петр Шарапаев.
Кәсіпорын қызметкерлері де басшылықтың ұстанымын қолдады.
«Жаңа Конституция еліміздегі әділдікті нығайтады деп ойлаймын. Мен үшін зауыт жұмысшысы әрі азамат ретінде заң мен тәртіптің сақталуы, қауіпсіздік талаптарының орындалуы және өмір сүруге қолайлы жағдайлардың болуы маңызды. Елде тәртіп болса, әр адам ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Мен жаңа Конституцияны қолдаймын», – деді серіктестік қызметкері Елеуке Жақсылық.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы бойынша республикалық референдум 15 наурыз күні өтеді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да автобус жүргізушісі жолаушыларды қажетті құжаттарсыз тасымалдаған

