СҚО-да шағын автобус жүргізушісі жолаушыларды қажетті құжаттарсыз тасымалдаған. Ереже бұзған жан әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-да полицейского «Hyundai Starex» шағын автобусын республикалық маңызы бар «Челябинск — Новосибирск» автожолының 525-шақырымында тоқтатты. Тексеру барысында рөлде отырған 26 жастағы петропавлдықтың жолаушылар тасымалдауға қажетті рұқсат құжаттары жоқ екені анықталды. Көлік салонында облыс орталығынан Түмен қаласына бағыт алған 8 жолаушы болған.

Олар сақтандырусыз, іс жүзінде заңсыз тасымалдаушының жауапкершілігінсіз жолға шыққан. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыста «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Екі күн ішінде полицейлер СҚО аумағында 19 заңсыз тасымалдаушыны анықтады.

«Жалпы өңір жолдарында жыл басынан 464 түрлі құқықбұзушылық тіркелді. Ең көп кездескені — қауіпсіздік белдігін тақпау (155 дерек). Сондай-ақ тәртіп сақшылары алты мас жүргізушінің жолға шығуына жол бермеді», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да су тасқыны болуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *