Биыл Солтүстік Қазақстан облысында ветеринарлық қауіпсіздікке баса мән беріледі. Ағымдағы жылы өңірге 57 ветеринарлық бекет, 5 аудандық станция және 85 арнайы жабдық сатып алынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-да 57 ветеринарлық бекет, 5 аудандық станция және 85 арнайы жабдық сатып алынады. Сонымен қатар, 32 мал қорымын салу көзделіп отыр. Алдың ала жоспарға сүйенсек, 8 млн-ға жуық екпе егу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын диагностикалық зерттеулерге де қарқын қосылады. Айта кету қажет, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент мал шаруашылығын дамыту үшін сапалы ветеринарлық жүйенің маңыздылығын атап өтті және саладағы жүйесіздікті сынады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, елдегі 168 зертхананың небәрі 27-сі ғана халықаралық стандартқа сай.

Соңғы 3 жылда малға екпе салынды деген 30 мың жалған құжат тіркелген. Осыған орай Үкіметке ветеринария саласын дамытудың кешенді бағдарламасын үш айдың ішінде қабылдауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Петропавл қаласының бас полицейі тұрғындармен кездеседі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *