«Қызылжар» ФК Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Петропавлдық команда қырғызстандық Мурас Юнайтед командасынан басым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Мурас Юнайтед — Қырғызстанның вице-чемпионы. Қара жаяу қарсылас емес. Соған қарамастан ойында қызылжарлықтар барлық жағынан басым болды.
Ойын бір де нөл есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Қызылжар футбол клубы сапынан жалғыз голды Әлихан Серікбай соқты. Осымен бір жарым айға созылған оқу-жаттығу жиыны аяқталды.
Алда команданы чемпионы күтіп тұр. Қырандар алғашқы ойынын өз алаңында ақтаулық «Каспий» командасына қарсы өткізеді.
Тағы оқыңыз: XXV қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті

