Облыстық онкологиялық орталықтың материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығаюда. Бүгінде мұнда желілік үдеткіш толық қуатта жұмыс істеп тұр. Осы күнге дейін қондырғының көмегі 400-ге жуық адам ем қабылдаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл- қатерлі ісіктерді емдеуге арналған бірегей аппарат. Заманауи жабдық жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған компьютерлік томографпен қосылған. Яғни, екеуі науқасқа бірлесе қызмет көрсетеді.

Онкологиялық орталықтағы желілік үдеткіштің көмегімен 400-ге жуық жерлесіміз ем қабылдады
Онкологиялық орталықтағы желілік үдеткіштің көмегімен 400-ге жуық жерлесіміз ем қабылдады

«Бұл — сәулелік терапияны жоспарлауға арналған компьютерлік симулятор. Томограф десек те болады. Ол арқылы біз сапалы түсірілім жасай аламыз. Сол бойынша ауру орны және емдеу жолдары анықталады. Бұл — емдеудің алғашқы сатысы. Осыдан кейін ғана науқас сәулелік терапияға жіберіледі», — СҚО онкологиялық орталығының трансфузиолог-дәрігері Юлия Лоскутова.

Ал дәлдігі аса жоғары сәулелік терапия желілік үдеткіште жүргізіледі. Оны сатып алуға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2 млрд 660 млн теңге бөлген.

Заманауи аппараттың көмегі зор. Ол арқылы аса қажет ем-дом 3-5 минутта жасалады. Бұл ұзын-сонар кезекті азайтты және бұрынғыдан көп науқас қабылдауға мүмкіндік береді.

Онкологиялық орталықтағы желілік үдеткіштің көмегімен 400-ге жуық жерлесіміз ем қабылдады
Онкологиялық орталықтағы желілік үдеткіштің көмегімен 400-ге жуық жерлесіміз ем қабылдады

«Бұл аппараттың артықшылығы — сау органдарға зиян тигізбеуінде. Яғни, сәуле дәл ісік байқалған жерге бағытталады. Осы дәлдіктің нәтижесінде адам бойында айтарлықтай ауырсыну болмайды. Сонымен қатар, емдеу уақыты қысқарды. Бір сөзбен айтсақ, аппараттың тиімділігін сезініп отырмыз. Жұмысымыз жеңілдеді», — деді СҚО онкология орталығының радиолог-дәрігері Фирдавс Әбдурахманов.

Аппарат іске қосылғаннан бері 400-ге жуық науқас ем қабылдаған. Дәрігерлердің айтуынша, желілік үдеткіш бас және мойын ісіктерін, сүт безі мен ми обырын және басқа да қатерлі ауруларды емдеуге мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс депутаттары аудан әкімдерін мәслихат арқылы сайлауды ұсынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *