Синоптиктердің сөзінше, биыл СҚО-да қыс жылы болады. Алайда, кезең-кезеңімен көктайғақ, боран және жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-да биылғы қараша айы жылылығымен, жайма-жуақ ауа райымен және жауын-шашынмен есте қалды.

Алдыңғы жылдардағы ауа температурасының максималды көрсеткіштері жаңартылды және асып түсті. Мәселен, Петропавл метеостанциясында 15 қараша күні термометр 8,7°С-қа, ал 16 қарашада 9,0°С-қа дейін көтерілді.

20 қарашадағы бақылаулар бойынша Петропавл қаласындағы орташа ауа температурасы -0,5°С болды, бұл көпжылдық орташа нормадан жоғары. Облыс бойынша орташа ауа температурасы -0,9°С-тен -1,6°С-қа дейінгі аралықта болды. Бұл — айлық нормадан 3,6–4,3°С жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жауын-шашын біркелкі түспеді: 17 мм-ден 62 мм-ге дейін. Бұл айлық норма шамасында. Кей жерлерде нормадан 1,5–2 есе көп. Ең көп жауын-шашын Ғ. Мүсірепов атындағы аудандағы Возвышенка ауылында тіркелді — 62 мм. Ал норма — 30 мм.

«Алдын ала болжам бойынша, қыс облыстың басым бөлігінде климаттық норма шегінде жауын-шашынмен және біршама жылы болады деп күтіледі. Алайда кей кезеңдерде қарлы борандар, желдің күшеюі, көктайғақ, тұманмен болуы мүмкін. Жауын-шашын болуы да ғажап емес», — деді синоптиктер.

Тағы оқыңыз: СҚО спортшылары Ислам Ынтымақтастығы ойындарынан олжалы оралды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *