26-шы қазан күні Петропавлда қалалық мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Мен, Нариман Тоқсанбаев, үміткер ретінде жастар саясатын белсенді дамытуға, олардың бастамаларын қолдауға және қыз-жігіттерге бастамаларын жүзеге асыруда қолдау көрсетуді көздеймін.

Менің атым — Нариман Тоқсанбаев. Мен Петропавл қаласында туып-өстім, мектеп пен колледжде білім алдым. Қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білемін. Қандай артықшылықтар бар екенін және қандай өзекті мәселелерді шешу қажеттігін түсінемін.

2010 жылы Гуманитарлық-техникалық колледжді «Қаржы» мамандығы бойынша тәмәмдадым. Қазіргі таңда Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жастармен жұмыс жөнінде нұсқаушы болып қызмет етемін. Жастармен жұмыс істеу — мен үшін тек қана кәсіп емес, өмірлік ұстанымым. Күн сайын жаңа буынның өсіп келе жатқанын көремін. Қыз-жігіттеріміз өте белсенді, креативті, білімді. Мен олардың бастамаларын қолдауға, қоғамдық өмірге тартуға, шаһарымызды жаңа серпін беретін тың жобаларды жүзеге асыруға тырысатын боламын.

Жастар — қаламыздың болашағы. Сондықтан әрбір жас азаматтың өз мүмкіндігін көрсетуге, білім алуына, лайықты жұмыс табуына бар жағдай жасалуы тиіс деп есептеймін. Мен қалалық мәслихат депутаттығына 13-ші сайлау округі бойынша кандитат ретінде ұсынылып отырмын.

Менің сайлауалды бағдарламам келесі бағыттарды қамтиды;
1)Жастар қолдау және жастар саясатын дамыту.
Мен жастармен жұмысымды жалғастырып, еріктілер қозғалысын дамытуға, шығармашылық жобаларды қолдауға, әлеуметтік және спорттық бастамаларға қатысуына жағдай жасаймын. Жастар өзгерісті күтпеуі керек. Оны өздері бастауы тиіс. Мен сол жолда әрқашан көмек көрсетемін.

2. Таза қала.
Петропавл — бәріміздің ортақ үйіміз. Шаһар тазалық пен тәртіптің үлгісі болуы тиіс. Қаланың санитарлық талаптарға сай болуын, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын күшейтеміз.

3. Көбірек жасыл желек. Жаңа саябақтар, гүлзарлар, жасыл аймақтар мен аулалар — бұл тек әдемілік қана емес, балаларымыздың денсаулығы. Жасыл қала — дені сау қала
4. Қауіпсіз әрі жайлы аулалар.
Жаңа балалар және спорт алаңдары, жарықтандыру, қоршаулар — бұл қауіпсіз аула үшін маңызды жұмыстар. Балаларымыз жайлы әрі қауіпсіз ортада өсуі керек.
5. Спорт пен салауатты өмір салтын дамыту.
Спорт алаңдарын салу және жаңарту, қалалық турнирлер мен жарыстар ұйымдастыруға күш саламын. Спорт — баршаға қолжетімді болуы тиіс.
6. «Таза қала» бастамаларын қолдау.
Азаматтардың өз аулалары мен көшелерін жақсартуға белсенді қатысуын қолдаймын. Бірлескен сенбіліктер, көгалдандыру, көріктендіру — бұл әр ауданның тұрақты дәстүріне айналуы керек.
7. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты мен дамуы.
Жазғы лагерьлер, фестивальдер, шығармашылық және білім беру жобалары жастарға өз таланттарын ашуға, уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
8. Аға буын мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық.
Әр ауданда қолжетімді әрі қауіпсіз инфрақұрылым жасалуы керек. Біз қаламыздағы аға буын өкілдеріне қолдау көрсетуіміз қажет.
9. Экология және қауіпсіздік.
Қаланың тазалығы мен көгалдандырылуына, жастар мен тұрғындардың экологиялық санасын қалыптастыруға, табиғи ресурстарды сақтау мен қауіпсіз қала ортасын құру бастамаларын ілгерілетуге ерекше назар аударамын.

Мен мәслихатқа тұрғындардың даусын жеткізетін өкіл ретінде барғым келеді. Жастардың бастамаларынан бастап көше абаттандыруына дейін – адамдардың нақты қажеттіліктерін қорғау үшін барамын.

Біз белсенді жастардың қолдау тапқанын қалаймыз. Мен әрбір жастың өз даусы маңызды екенін, тың жобалары орындалатынын, еңбегі қаламызға қажет екенін сезінгенін қалаймын.

Құрметті Петропавл қаласының тұрғындары!
Сіздердің қолдауларыңызды маған ауадай қажет! Маған дауыс беріңіздер!
Біз бірге Петропавлды балаларымыздың болашағына ең қолайлы қала етеміз!

Дайындаған: «Qazaqstan Media» ЖШС, Петропавл қаласы, Брусиловский көшесі, 63/13.
Тапсырыс беруші: депутаттыққа үміткер Тоқсанбаев Н. С.
Республикалық бюджет қаражатынан төленді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *