Солтүстікте демалыс күндері жаңбыр, қар жауады деп күтілуде. 112 қызметінің мамандары жолда абай болуға шақырады. Себебі көктайғақ болады деген болжам бар, деп жазады Qazaqstan Media.
Жұма,10-шы қазан күні Солтүстік Қазақстан облысына күндіз ауа температурасы +13°C дейін көтеріледі. Екпіні 15–20 м/с дейін жететін жел тұрады.
Ал, 11-ші қазан күн салқындайды. Түнде –3°C-қа дейін суық болады. Күндіз термометр көрсеткіші 0, +5°C ғана көрсетеді.
112 арнасының хабарлауынша, тұман түседі, көктайғақ болады.
«Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел шығыстан және солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с дейін күшейеді»,-деп хабарлады ТЖД.
Тағы оқыңыз: Петропавлда оқушы қыздың жүзігін құтқарушылар шешті