Қазақстанға Реал Мадрид, Барселона сынды әлемдегі танымал футбол клубтары келуі мүмкін. Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Алматыда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің матчы өтті. Жергілікті «Қайрат» ФК шотландиялық «Селтик» командасын қабылдады. Ойын тартысқа толы болды.

Матчты екі команда да салқынқанды бастады. Бір-бірін барлап, қателікті күтті. Ойында аса қауіпті сәттер аз болды. 90 минутта командалар жеңімпазды анықтай алмады.

90 минут бойы бір-бірлерінің қақпаларына гол соға алмаған қос ұжым экстра-таймда шайқасты. Бұл кезеңде қонақ команда алматылық клубты біраз қыспаққа алды. Бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды. Қуанышқа орай, Темірлан Анарбеков қорғаған қақпаның кілтін таба алмады.

120 минут бойы кім мықтыны анықтай алмаған қос ұжым пенальти сериясына дейін жетті. Шешуші кезеңде қақпашы Темірлан Анарбеков үш бірдей пенальтиді қайтарып, командасына жеңіс сыйлады. Бөркінді аспанға ат, Қазақ елі! Қайрат — Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде.

Бұл — бүкіл Қазақстан үшін тарихи жеңіс. Енді әлемдік грандтар елімізге келетін болады. Айта кету керек, 2015 жылы «Астана» ФК Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған болатын.

Тағы оқыңыз: «Қазақстан халқына» қоры Бірлік ықшам ауданында бес млрд теңгеге 200 баспана тұрғызған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *