СҚО-да «Қазақстан халқына» қорының баспасөз туры өтті. Шара барысында ұйымның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қор былтыр болған су тасқыны кезінде өңірге зор қолдау көрсетті. Ұйымның арқасында 200 отбасы далада қалмады. Яғни, баспанамен қамтылды. Көрсетілген көмек сомасы бес млрд теңгеден асып жығылады.

Қордың арқасында баспаналы болған жанның бірі — Қайрат Баекин. Ол — бес баланың әкесі. Су тасқынына дейін Ойқалада тұрған. Ондағы баспанасын шатырына дейін су басыпты. Азамат қайда барарын білмеген. “Қазақстан халқына” қоры көмек көрсетеді дегенде қуанышында шек болмапты.

«Қазақстан халқына» қоры Бірлік ықшам ауданында бес млрд теңгеге 200 баспана тұрғызған
«Қазақстан халқына» қоры Бірлік ықшам ауданында бес млрд теңгеге 200 баспана тұрғызған

«Баспана менің де, балаларымның да көңілінен шықты. Керектінің бәрі бар. Ауласы да кең. Қайырымдылық қорына алғысым шексіз»,-деді үй иесі Қайрат Баекин.

Баспаналар қолданысқа берілуін берілді. Бірақ, бір жыл өтсе де тұрғындардың атына әлі түспеген

«Баспаналар қалалық ТҮКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансында. Біз жергілікті әкімдікпее сөйлестік. Мәселе шешімін жақын арада шешімін табады»-, деді “Қазақстан халқына” қоры бағдарламалар мен жобаларды басқару жөніндегі орталықтың басшысы Бауыржан Оразғалиев.

Тағы оқыңыз: Шалақындық «Балқадиша мұрасы» ансамблінің құрылғанына 20 жыл

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *