Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Виктор Сосин жетекшілік ететін болады. Ол осыған дейін Талдықорған қаласындағы НЗМ директоры болды, деп жазады  Qazaqstan Media.

Виктор Сосиннің NIS жүйесіндегі еңбек өтілі 15 жылдан асады. Ол өзінің кәсіби жолын Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім қызметінен бастаған.  2019 жылдан бері аталған мектептің директоры қызметін атқарып келді.

Виктор Сосин – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қазақстан-Британ техникалық университетінің ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша магистрі және Англиядағы Сассекс университетінің білім беру магистрі. Көп жылдар бойы математикалық олимпиадалар бойынша құраманың жаттықтырушысы, математикадан олимпиаданың қазылар алқасының мүшесі болды. Қазіргі таңда CIS сарапшысы.

Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бұрынғы директоры Данияр Уалиев Өскемен қалаcындағы NIS директорлығына ауысты.

Тағы оқыңыз: Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары мен 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *