Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыда тұмауға қарсы вакцинация бүкіл ел бойынша 15 қыркүйектен басталатыны айтылған, деп жазады Qazaqstan Media.

2025–2026 жылдарға арналған тұмау, ЖРВИ және коронавирус маусымында профилактикалық шараларды жүргізу туралы қаулы  қабылданды. Медициналық ұйымдар осы науқанға дайын болуы тиіс. Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен өңірлердің әкімдіктеріне алдағы күз-қыс мезгілінде жұмыс істеуге медициналық, білім беру және басқа да ұйымдарды дайындау тапсырылды. Мысалы, бірінші қазаннан бастап дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлері міндетті түрде бетперде киюі керек, ал медицина ұйымдарының кіреберісінде «фильтрлар» мен антисептиктер болуы тиіс.

Үйге барып қызмет көрсеткен кезде дәрігерлер ең алдымен ЖРВИ мен Covid-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды қарап шығуы керек.

Мектепке дейінгі ұйымдарда таңертеңгілік тексеру күн сайын жүргізіліп, ЖРВИ, тұмау және Covid-19 белгілері бар балалар сабақтан шеттетілуі тиіс.

Орта білім беру ұйымдарында:

егер бір сыныпта оқушылардың 20–30%-ы ЖРВИ-мен ауырып қалса (инкубациялық кезең ішінде), онда кабинеттік оқыту жүйесі тоқтатылып, жаңа оқушыларды қабылдау 10 күнге тыйым салынады;

егер бір сыныптағы оқушылардың 30%-дан астамы індет жұқтырса, олар онлайн оқуға ауыстырылады.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысының толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Тағы оқыңыз: Елімізде 2025-2026 оқу жылының мерзімі мен каникул уақыты бекітілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *