Солтүстік Қазақстан облысында 25-ші тамыз күні төрт адам зардап шеккен жол –көлік оқиғасы орын алды. Олардың біреуі ауыр халде облыс орталығына жеткізілді, деп жазады Qazaqstan Media.
Жол апаты Ғ.Мүсірепов ауданындағы Шұқыркөл мен Андреевка ауылдары арасында орын алды. Audi 100 маркалі жеңіл көлік жолда аударылып, жүргізуші мен үш жолаушы зардап шекті . Олар бірден медициналық мекемеге жеткзіліпті. Қазіргі таңда екі адам айыртау аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты, орташа. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Ал 20 жастағы жігіт, облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді.
«Көпбейінді қалалық ауруханаға жігіт реаниматолог дәрігерлердің бақылауында әкелінді. Жағдайы ауыр болғандықтан бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған тексеріс нәтижесі бойынша жабық бас миының жарақаты, қабырғаларының бірнеше сынуы, төменгі жақтың сынуы, I дәрежелі 5-6 омыртқалардың қысылу сынықтары, жоғарғы синустың артқы қабырғасының сынуы, I–II дәрежелі шок деген диагноз қойылды. Қазір пациент толық медициналық көмек алып жатыр»,-деп хабарлады аурухананы баспасөз қызметі.
Ал, полицейдер болса, аталған фркті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастапты.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті