Солтүстік Қазақстанда оқушы өз-өзіне қол жұмсады. Алдын ала деректерге сүйенсек, 17 жастағы жасөспірім өз ауласындағы белтемірге асылып қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қайғылы оқиға Аққайың ауданындағы Кенжеғалы ауылында орын алды. 18 тамыз күні таңертең әкесі далаға шыққан кезде баласының белтемірде асылып тұрғанын көрген. Туған-туыстарының сөзінше, марқұм сабырлы жігіт болған екен. Біреулермен сөзге келгенін, қақтығысқанында көрмепті.
«Адам өлімі тіркелген оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. Полицейлер істің мән-жайын анықтау үшін қолдан келген шараның барлығын жасайды. ҚР ҚК 201- бабы бойынша қалған мәліметтерді жария етуге болмайды»-, деді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Марқұмның жақындарының сөзінше, ол өз-өзіне қол жұмсар алдында хат қалдырмапты.
Еске сала кетейік, тамыз айының басында Жамбыл ауданында 15 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Оқушы қолдан жасалған тапаншамен өз басына оқ атқан. Қайғылы оқиға орын алған кезде ата-анасы үйде болмапты. Адам өлімі тіркелген жайттың кездейсоқ немесе қасақана болғаны жайында тәртіп сақшылары анықтап жатыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда күйеуін пышақтап өлтірген әйел 11 жылға сотталды