Өңірде 657,8 мың га жерге дән себілді

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгіндері 657,8 мың гектар аумаққа дән себілді. Жалпы көрсеткіш 15,3%-ды құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың айтуынша, 433,5 мың гектарға дәнді және дәнді-бұршақты, 177,6 мың га жерге майлы дақылдар егілді. Картоп 7,6 мың га, көкөністер 0,8 мың га, жылдық шөптер 30,1 мың га, көпжылдық шөптер 3,7 мың га жерге және сүрлем дақылдары 4,6 мың га аумаққа егілген. Жалпы, 438,3 мың тонна тұқым себілді.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы 6,8 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде 3,2 млн-ы 48 астық қабылдау кәсіпорындарында орналасқан. 3,6 млн тонна басқа да агроқұрылымдарда. Яғни, бұл ретте тапшылық жоқ. Өткен жылы көлемі 100,5 мың тонна болатын 6 астық қоймасы салынды, жалпы сақтау сыйымдылығы 6,8 млн. тоннаға жетті», — дейді Мейрам Меңдібаев. 

Басқарма басшысы биыл солтүстікқазақстандықтарға көрсетілетін қолдау жайлы да баяндады. Айтуына қарағанда, 2023 жылы 63,1 млрд теңге субсидия бөлінген. Оның 19 млрд-ы өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға, 9,6 млрд теңге мал шаруашылығына, ал 33,9 млрд теңге басқа да қажеттіліктерге бағытталды.

«Жыл басынан бері көктемгі егіс және күзгі орақ науқандарын жүргізу үшін «ҚазАгро» қаржы институты арқылы 37,8 млрд теңгеге 623 өтінім қаржыландырылды. Сондай-ақ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалынан бүгінгі таңда 7 млрд теңге сомасына 153 өтінім қаржылай қолдау алды. Қаржы институтының қаражаты есебінен техниканы лизингке кредиттеу кезінде аванстық төлемді төлеу инвестициялық субсидиялар есебінен жүзеге асырылады, осылайша техниканы лизингке сатып алудың қолжетімділігі артады», — деді Мейрам Меңдібаев.

Тағы оқыңыз: Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша рейтингте көтерілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x