Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің төрағалығымен өткен жиында жылыту маусымының өту барысы талқыланды. Өңір жетекшісі барлық жауапты органдарға, әсіресе ТЖД-ға алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Мамандар тұрғындармен кездесіп, пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін тағы бір түсіндіріп өтуі тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Еске сала кетейік, бір ай бұрын Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында жеке тұрғын үйде өрт болып, төрт бала мен олардың әкесі тірідей жанып кеткен болатын. Бұл алдын алу жұмыстарының ақсап тұрғандығын көрсетеді деді СҚО әкімі.

«Өрт кезінде бес адамнан айырылдық. Оның үшеуі бала. Алдағы уақытта осындай қайғылы оқиғаларға жол бермес үшін алдын алу жұмыстарын күшейту керек. Барлық жауапты органдар, айта кетер болсам, әкімдіктер, ішкі істер органдары және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тағы бір тұрғындармен кездесіп, пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндіру қажет. Үй-үйді аралап, осы ақпаратты жеткізген абзал. Әсіресе, жалғызбасты қариялар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, есепте тұрған азаматтары бар баспаналарды ерекше назарға алыңыздар. Көктем жақындағанымен, бізде жылыту маусымы әлі екі айға жалғасады. Сондықтан арқаны кеңге салуға әлі ерте», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өрт кезінде бүтін бір отбасынан айырылдық: СҚО әкімі алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2,8 мың экологиялық акция өткізілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *