Уәлиханов ауданының түлектері ҰБТ-ның нәтижесі бойынша еліміздегі үздік ондыққа енген. Олар орташа — 83,76 ұпай жинаған. Бұл облыстық көрсеткіштен 6 процентке артық және түлектердің 80%-ы грант иегерлері атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ауданның білім саласындағы жетістіктері тамыз кеңесінде айтылды. Олар жайлы жиналғандарға аудан әкімі Қайрат Пішенбаев баяндады. Айтуынша, соңғы 3 жылда білім беру нысандарына жаңа 25 қазандық алынып, 100% жаңартылған. Биыл 50 млн.теңге қаржы бөлініп, оқу ордаларының материалдық- техникалық базасы жаңаланған. Оның ішінде асханаға арналған жабдықтар, жаңа модификация кабинеттері, спорттық және кітапхана жабдықтары бар.

«Кішкенекөл ауылының оқушыларын жаңа автобуспен тасымалдау мәселесі көп жылдан бері өзекті еді. Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың қолдауымен биыл бұл мәселе шешімін тапты. Жаңа автобус аудан орталығы Кішкенекөл ауылында 1-ші қыркүйектен өзінің жұмысын бастайтын болады», — деді аудан әкімі.

Уәлиханов ауданында оқушылардың 78% қосымша білім берумен қамтылған. Оның ішінде спорт, өнер үйірмелері бар. Ал ең бастысы ол-мектептегі білім. Бұл жағынан аудан алдыңғы қатарда. Оған ҰБТ нәтижесі дәлел.

«Біздің аудан – ұлттық тестілеудің нәтижесі бойынша үздік атанды. Орташа балл 83,76 болып, облыс бойынша бірінші орынды иелендік немесе облыстық көрсеткіштен 6 процентке артық болды. Тек өңірлік деңгейде ғана емес, республика бойынша да үздік ондықтың қатарына енгендігімізді мақтанышпен айтамын. Нәтижесінде тестілеуге қатысқан түлектердің 80% грант иегерлері атанды. Кішкенекөл мектеп гимназияның, Ақтүйесай және Өндіріс орта мектептерінің түлектері 100% грантқа түсті»-деді өз баяндамасында Қайрат Пішенбаев.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер электр тогына түсіп қалған ер адамды құтқарып қалды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x