Сергеев су қоймасы қазір 104 пайызға толған. Ал соңғы 12 сағат ішінде мұндағы су деңгейі тағы 13 см-ге көтерілді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 29 см-ге дейін көтерілді. Ол су қойманың ернеуінен асып, төгіліп жатыр. Мамандар мұның барлығы еріген қар суынан туындап отырған жағдай дейді. Яғни, әлі су қоймасы өзге өңірлерден келген сумен толығып жатқан жоқ. Сондықтан Сергеев су қоймасында да, Есіл өзенінің сағаларында су деңгейі арта түседі.

«Таңғы сағат 8.00-дегі ақпарат бойынша, Есіл өзені Тоқсан би елді мекенінің маңында 106 см-ге, Крещенкода 37, Новоникольск ауылының маңында  111 см-ге көтерілген. Петропавлда 50 см-ге, ал Долматово елді мекенінің маңында  + 11см-ге өзгерген», — деді мамандар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да танысын атып өлтірген ер азамат 13 жылға сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *