Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда жеті күн демалады

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылдың 28-қазанынан басталады, деп жазады Qazaqstan Media.

Мектеп оқушыларының күзгі демалысы туралы ақпарат оқу-ағарту министрлігінің сайтында жарияланды. Ведомства мәліметніше, балалар күзде жеті күн демалады. Каникул 28-ші қазаннан басталып, үшінші қарашаға дейін созылмақ.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылмақ.

«Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Ол «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы,  «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы. Сонымен қатар, мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі мен  «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады», — деп жазылған министрлік сайтында.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда білімі, тәжірибесі жоқ адамдар 300 мың жалақыны менсінбейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x