7-ші Мамыр – Отан қорғаушылар күні Қызылжардың орталығында орналасқан Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Айдарбек Сапаров, қала әкімі Руслан Аңбаев, зиялы қауым өкілдері, әскерилер мен қала тұрғындары қатысып, ұлы тұлғалардың рухына тағзым етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қарасай батыр мен Ағынтай батыр 17 ғасырда Есім ханның бастауымен қазіргі Айыртау ауданының аумағын жаудан қорғаған. Сондықтан олардың ерлікке толы өмір жолы әлі күнге дейін ұрпағының есінде. Жыл сайын Отан қорғаушылар күні петропавлдықтар Қарасай мен Ағынтай батырларға арналған ескерткіш маңына жиналып, бабаларының рухына тағзым етеді.

 

Отан қорғаушылар күні

Ел басына күн туғанда жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша жерін қорғаған батырлар қазақ даласында аз болмаған. Бүгінгі әскерилер даңқты бабаларының сара жолын жалғап келеді. Осыдан 31 жыл бұрын Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. Сондықтан «7 мамыр — Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Ал 2012 жылы 7-ші мамыр қатардағы дата ретінде елеусіз қалмай, мемлекеттік мәртебеге ие болды. Бұл күннің әскерилер үшін маңызы ерекше. Себебі, біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп жүрген жандарға артылған міндет пен жауапкершіліктің жүгі ауыр.

Отан қорғаушылар күні

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x