Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің заңбұзушылыққа барғандығын анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.
Департаментке Петропавл қаласының тұрғынынан шағым түскен. Оның сөзінше, қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшылығы еш негізсіз оған 6 ай бойы үйін жекешелендіруге рұқсат бермей келген. Ал бұл процедура заң бойынша 30 күн ішінде қаралуы тиіс. Тексеріс кезінде бұл өтінімге жауапты қызметкерлер жұмыс орнын ауыстырып жібергені анықталған. Нәтижесінде, азаматтың өтініші сол күйінде қалып қойған.
“Өтініште көрсетілген дәлілдер расталды. Азаматтардың өтінімін қарау мерзімі өтіп кеткен. Біздің араласуымызбен арнайы комиссия құрылып, бұл мәселе оңынан шешілді”, — дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы Нұргүл Жанмурзина.
Департамент мамандары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тағы оқығыз:Еліміздің солтүстігінде қатты аяз болады деп күтілуде