Жұмыссыз азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салуға көмектесе алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жаңа жобаны іске қосты. Жұмыссыз азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына ат салысып, осылайша жұмысқа орналаса алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын электрондық еңбек биржасынан көруге болады. Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады. Онда жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен таныса алады. Қазіргі уақытта платформада 42 бос жұмыс орны бар.

«Бұл жобаның маңыздылығы сол, біз жұмыс табуға және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуға ниет білдірген әрбір адамды жедел жұмысқа орналастыру үшін цифрлық ортаны қамтамасыз етеміз. Қазіргі уақытта біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырумен айналысудамыз. Өңірлер үшін кім-кімнің де қатысуы өте маңызды, өйткені, қазір білікті мамандар да, бейінді білімі жоқ мамандар да қажет екенін айта кету керек», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды жобаға қатысуға және зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге өз үлестерін қосуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шекті.  СҚО-да Солнечный-2 ықшам ауданында қазір 500 баспананың құрылысы басталып кетті.

Жұмыссыз азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салуға көмектесе алады

Тағы оқыңыз: Петропавлда 5-ші қабаттан секірмек болған қыз құтақырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x