Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді. Нәтижесінде экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдер суицидін және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін насихаттауды таратқан топтар анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жыл басынан бері облыс прокурорлары құқыққа қайшы контенті бар 81 топты анықтаған. Бүгіндері олардың барлығы бұғатталды.
«Мысалы, PANIC PETRO Telegram-арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін посттар, сондай-ақ жыныстық сипаттағы бейнероликтер орналастырылған. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралармен аталған топтарға кіру бұғатталған», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Петропавлда су бағасы 16,7 %-ға қымбаттады