Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ойқала, Былғары кенті және Тепличное мен Прибрежное ауылдарындағы бөгеттердің жағдайын тексерді. Өңір жетекшісінің айтуынша, қазірдің өзінде тасқынға толық дайын болу керек: іс-шаралар жоспарын жасап, жабдықпен қамтамасыз етіп, инертті материалдарды жинау қажет. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өңір жетекшісі қар тазалау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Қарашадан бері Петропавлдан 550 мың текше метр қар шығарылды, мердігерлер күн сайын облыс орталығының көшелерінен 11 500 мың текше метр қар жинауда.
«Қазір бұл көрсеткішті тағы өсіру керек. Кем дегенде екі ауысыммен жұмыс жасаған абзал, әсіресе жеке секторда. Бұл тек негізгі көшелерге ғана емес, жеке үйлерді су басу қаупі жоғары шағын көшелерге де қатысты», — деді СҚО әкімі
Тағы оқыңыз: СҚО-да жол апатынан зардап шеккен 20 жасар қыз қайтыс болды