СҚО әкімдігі биыл түлектерге арнап қосымша 58 грант бөлді

Жыл сайын әкімдіктер басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі барлығы 58 грант қарастырып отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Барлығы ел бойынша жергілікті атқарушы органдар 2475 білім беру гранттарын бөлді. Ең көбі Астана қаласында-858 грант. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 270 грант, Абай облысы – 200 грант, Маңғыстау облысы – 175 грант, Ақмола облысы – 160 грант және Жетісу мен Қызылорда облысы – 100 грант, қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген.

Ал Солтүстік Қазақстанда 50 медицина саласына, резидентураға және 8  грант өнер саласына бөлініп отыр.

«Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады»,- деп жазылған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, 3000-ға дейін грант қайта бөлінеді. Ол 870 жұмыс берушілерден грант, 800 Түркістандағы Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінің гранттары, ректорлық гранттар.  850 «Қазақстан халқына» қоры 850 грант қарастырып отыр.  Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін Түркия Республикасынан берілетін гранттың саны -500. Оған қоса сессия қорытындысы бойынша бос гранттар алу мүмкіндігі.

Тағы оқыңыз: 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына билеттер сатылымға шықты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x